29.07.2021, 17:16
Оқылды: 48

Дербес менеджер мемлекеттік қызметтерді оңтайлы етеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді тез әрі оңай алуға болатын бірнеше сервисті ұсынады. Соның бірі - «Дербес менеджер» сервисі. «Дербес менеджер» - мемлекеттік корпорацияның қызмет алушыға жеке қызмет көрсететін маманы.

WhatsApp Image 2021-07-29 at 16.58.23

Біраз уақытты талап ететін және қызмет алушының өзі қатысуы тиіс сұранысқа ие бірқатар мемлекеттік қызметтер бар. Мысалы: «Жылжымайтын мүлік нысаны мен кепіл шартын тіркеу», «Меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау актісін беру және техникалық паспортын дайындау» немесе «Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру (жер актісі)» және т.б.

«Бізбен келісімшартқа отыру арқылы клиент мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету бөліміне келмей-ақ ала алады. Біздің маман клиенттің үйіне немесе кеңсесіне барып, қажетті құжаттарын дайындап береді. «Дербес менеджер» ХҚО-ның жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін сервис саналады»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Бұл қызмет жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді. Күрделілігіне байланысты қызметтердің арнайы құны бекітілген. Қосымша ақпарат алу үшін ХҚО-ның кез келген бөлімінде жұмыс жасайтын дербес менеджерлерге жолығу қажет.

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша «Дербес менеджер» қызметін пайдалану үшін 400-дей адам жүгінген.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

БҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале