Бүгінгі Орал қаласы Деркөл кенті әкімінің сайлауы бірқалыпты өтіп жатыр. Кент тұрғындары өз сайлау учаскелеріне келіп, қалаған кандидаттарына дауыс беріп, өз таңдауын жасауға кірісіп кетті.
Айта кетейік, Деркөл кенті әкімінің сайлауына үш үміткер тіркелген. Олар – Нұрлан Багискалиев, Жұбан Жұмағалиев және Төрехан Нұғманов. Мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинап үлгерген үш үміткер де өзін-өзі ұсыну тәртібімен кент әкіміне кандидат болып қатысуда.
Сайлауда "Жария", "Абырой", "Мұқалмас" қоғамдық бірлестіктері мен үміткерлердің сенімді өкілдері байқаушы болып отыр.
Деркөл кентіндегі сайлауға орай түрлі спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Орал қаласының сайлау комиссиясы