28.11.2023, 17:45
Оқылды: 4

Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

Теннистен Дэвис кубогінің 2024 жылғы іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

devis_kuboginde_kaza_1701062128

Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеседі.

Матч 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанда өтеді.

Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған. 2011 жылы ¼ финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді. Ал 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты.

Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале