Ресейлік диетологтар мен тамақтану қауымдастығының мүшесі нутрициолог Дарья Русакова миға пайдалы бірқатар тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru сайтына сілтеме жасап.
“Мидың қызметін жақсарту үшін балық, жеміс-жидек, көкөністер, күрделі көмірсулар, жаңғақтар жеу керек, сонымен қатар кофе мен шай, ең бастысы су ішу керек, - дейді ресейлік диетолог.
Оның айтуынша, миға омега-3 және омега-6 қажет. Олар теңіз өнімдерінде, соның ішінде ақсерке, скумбрия, сардина, майшабақ сияқты майлы балықтарда кездеседі. Сонымен қатар, Олар зәйтүн және зығыр майлары мен жаңғақ, күнжіт, бұршақ омегаға бай.
Нутрициолог маман жеміс-жидектерді де ұсынып, қара бүлдірген, көкжидек және шиенің құрамында флавоноидтар бар екенін атады. Флавоноидтар мидың қартаю процесін баяулатады. Сондай-ақ жемістерде жасушаларды токсиндерден қорғайтын антиоксиданттар бар.
“Көмірсуларды назардан тыс қалдырмау керек, өйткені миға энергия керек. Көмірсулар мидың көңіл-күй мен танымдық функцияларын реттеуде маңызды рөл атқаратын серотониннің бөлінуіне көмектеседі” – дейді Русакова.
Маман дәнді дақылдар мен бұршақтарды жеуге кеңес берді.