Дикий Арман деген лақапатпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
"2023 жылғы 5 маусымда сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органы өтінішхаты қанағаттандырылып, қылмыстық іске қатысы бар Д-ның қамауда ұстау мерзімі екі айға 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, сәуірде Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылған болатын.
tengrinews.kz