6.01.2023, 12:47
Оқылды: 4

Дикий Арманның қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) қамауға алу мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
1

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылғы 29 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды.

Азамат Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді, - деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале