6.08.2021, 7:42
Оқылды: 44

Дина жайлы жаңа деректер

Биыл еліміз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толғанын атап өтіп жатыр. Соған орай оқырман қауымды Астрахан архивінен табылған жаңа құжаттармен таныстырғалы отырмыз.

jfgjl

Динаның өмір жолы – өте  күрделі, тағдыры сынаққа толы. Өмірден күні кеше дерлік, 1955 жылы өтсе де, даңқты күйшінің өмірбаянында ақтаңдақтар көп-ақ. Біз күй анасының өнердегі орны, шығармашылық шырқау биігіне тоқталмай-ақ, тек өмірбаяндық деректеріне тоқталамыз.
Осы кезге дейінгі деректердің бәрінде Дина күйші 1861 жылы дүниеге келгенін көрсетеді. Бұл шешеміздің өз айтуынан жазылған болса керек. Бөкей ордасында метірке жүргізу, архив ісі Жәңгір хан дәуірінен басталғанын ескерсек, болашақта нақты құжат та табылып қалуы ғажап емес.
Дина дүниеге келген өңір – сол кездегі Астрахан губернасына қарасты Ішкі қазақ ордасының Нарын қисымына жататын Бекетай құмы. Бұл қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы аумағында. Кең байтақ жерді алып жатқан Нарын құмындағы Бекетай, Жиделі, Жарқияқ қоныстары – ХІХ ғасырдың басынан бері қызылқұрт, бесқасқа беріш, төлеңгіт, кердері руларының аралас-құралас өсіп-өнген мекені болатын. Мұны бүгінде Уфа, Астрахан архивтерінде сақталған бөкейлік мешіттерінің метірке кітаптарынан айқын көруге болады.

004 Дина шешей 1947
Динаның әкесі Кенже Шал-ұлы – руы төлеңгіт, орта шаруалы адам болса керек. Орал қаласының тұрғыны, Динаның Қоңыр есімді қызынан туған жиені, 1944 жылы туған Бағила Бишаеваның айтуынша, Динаның әкесі Кенже – екі әйел алған кісі екен. Бірінші әйелінен бес қыз, бір бала болыпты. «Менің есімде қалғаны – Салтанат, Тойжан, Дина, сосын Малай деген ұл бала. Кенженің екінші әйелінен Шынияз, Шернияз деген балалар болған. Бұл балалардың тағдырын білмедім. Сонау аласапыран жылдары бұлар жан-жаққа босып, Қалмақ қырына дейін асқан көрінеді. Мына Саратов облысының Алғай (Александров Гай) деген жерінде Буденовка деген ауыл болған, сол жерге барған біздің ауылдың адамынан бір кісі: «Дина менің немере апам еді, ұрпақтары бар ма?» деп сұрапты. Мүмкін сол шашылып кеткен туыстарының бірі шығар» дейді Бағила апай.

Қазбек Құттымұратұлы

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 6 тамызындағы №63 санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале