12.05.2022, 10:15
Оқылды: 38

Динаға пәтер кілтін табыстады

Өткен аптада Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен 24-ші жазғы Сурдлимпиадалық ойындарда батысқазақстандық Дина Ержанова сурдо дзюдодан 52 келі салмақта қола жүлдеге ие болғанын жарыса жариялаған едік.

DC1EA611-85D0-4A3E-94F5-AC4D1BBB4724

Жуырда облыс әкімі Ғали Есқалиев елдің атын асқақтатқан жас спортшымен кездесіп, жеңісімен құттықтап, пәтер кілтін табыстады.

Айта кетейік, Дина 2004 жылдың 12 наурызында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында тұрады. Ол 2018 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубында спорт түрлерімен шұғылдануда. Осы аралықта ол сурдо-дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы Кубогының иегері атанды. 2021 жылы Франция мемлекетінің Версаль қаласында өткен Әлем чемпионатына қатысушы. Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері.

A0EB1FDB-FED6-4DD2-9511-A4D19EF02B45

Орал қаласындағы облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатын тәмамдаған. Бүгінде Оралдағы Жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі мамандығының 1-курс студенті. Жаттықтырушылары  -  Теміржан Хасанғалиев пен Арман Байенов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале