9.06.2022, 9:45
Оқылды: 101

Дінаралық диалог – даму діңгегі

Маусымның 3-інде «Дінаралық диалогтағы әлемдік және дәстүрлі діндер сиезінің рөлі» тақырыбында облыстағы діни бірлестік басшылары клубының кезекті отырысы өтті. «Орал Епархиясының Архангел-Михаил собор приходы» шіркеуінде өткен басқосуды дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәнібек Мукателов ашты. Клуб отырысына төрағалық еткен ол дінаралық және конфессияаралық диалог дәстүрлерін нығайту маңызды екенін атап өтті.

df0061a4-2b10-424f-b53b-258df66d4557

- Нұр-Сұлтан қаласында 14-15 қыркүйек күндері VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сиезі өтеді. Оған 60-тан астам мемлекеттен келетін ислам, христиан, буддизм, зороастризм және басқа да ірі діни қауымдастықтардың жетекшілері қатысады. Сиезде дінаралық үндесім мен пандемиядан кейінгі кезеңдегі өзара келісімді нығайту жайы талқыланады. Әлемдік діндер көшбасшыларының кездесуі ҚР тұңғыш Президенті бастамасымен елімізде 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Орал қаласында 9 конфессия өкілі бар. Қаладағы діни бірлестіктер азаматтардың рухани тұрғыда түлеуіне, жастар тәрбиесін дамытуға зор үлес қосып келеді. Олар коронавирус індеті жайлаған кезде қайырымдылық іс-шараларын жүзеге асыруда белсенді болып, халыққа гуманитарлық көмек көрсетті. Мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында қоғамдық іс-шараларға тұрақты атсалысып келеді. Орал қаласында «Дінаралық диалогтағы әлемдік және дәстүрлі діндер сиезінің рөлі» тақырыбында өтіп жатқан семинарда діни келісім мен тұрақтылық бойынша қазақстандық даму моделі талқылануда, – деді семинарға елордадан арнайы келіп қатысқан «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Дианна Есенова.

Аталған орталыққа қарасты департаменттің бас сарапшысы Райымбек Қадыровтың айтуынша, әлемдік деңгейдегі сиез Қазақстанды дінаралық келісім және өркениет орталығы ретінде танытады. Сарапшы қазіргі кезде облыстағы діни ахуал тұрақты деңгейде деп бағалады. Семинарда сөз алған «Қа­зақстандағы православиелік шіркеуінің Орал және Ақтөбе епархиясы» өңірлік діни бірлестігінің жетекшісі Владимир Москаленко адамгершілік, мейірім, ізгілік, руханият тазалығы әлемге ортақ діни құндылықтар екенін атап өтті. «Орал Епархиясының Архангел-Михаил собор приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Анатолий Курьянов өз пікірін білдіріп, семинар қатысушыларын шіркеу жұмысымен, ғимарат тарихымен таныстыру мақсатында  экскурсияға шақырды.

Нұрлан  Ғаппар,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале