Ауылдарда кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Қажет болған жағдайда қолдау шараларын алу үшін мамандықтар тізбесі кеңейтіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков хабарлады. Оның айтуынша, 2024 жылы 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алуға 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.
«Ағымдағы жылы 2,8 мыңнан аса маманға 25 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарлануда. Бағдарламаның тиімділігіне жүргізілген талдауға сәйкес, осы уақытқа дейін бюджеттік несие және қолдау алған азаматтардың 95% үш жыл жұмыс атқару міндеттіемесін орындап, ары қарай сол ауылдарда жұмысын жалғастыруда», - деді спикер.