Биыл 29 сәуірде қазақ дирижерлік өнерінің көрнекті өкілі, қазақтың тұңғыш дирижері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың (1906-1968) туғанына 115 жыл толады. Арнайы дирижерлік білім алмаса да, оны қазақтың тұңғыш дирижері, дирижерлік мектептің бастауы һәм көрнекті өкілі деп атаймыз. Заман талабымен, тарихи жағдай орайымен оркестр жетекшісі болған музыканттың дирижерлік келбетіне назар аударамыз.
Оның ұйымдастырушылық қабілеті, композиторлық дарыны, ағартушылық қызметі, ғылымдағы еңбегі, ұстаздық жұмысы жөнінде жазылған Б. Ғизатовтың «Академик Ахмет Жубанов», «От кюя до симфонии», «Казахский оркестр имени Курмангазы» атты үш кітабы, «Әйгілі адамдар» және «Өнегелі адамдар» сериясымен шыққан «Ахмет Жұбанов», Ғ.Жұбанованың «Мой мир – музыка» кітаптары бар. Өзі туралы 1966 жылы жазған «Автобиография» атты мақаласында кеңінен тарқатып айтқан.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 28 сәуірдегі №34 санынан оқи аласыздар.
Мүсілім Әмзе,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
ҚР Мемлекеттік академиялық симфония оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, қауымдастырылған профессор