22.05.2023, 9:44
Оқылды: 4

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

"Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Пенсакола ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

dmitriy_popko_aksh-t_1684721873

Әлемнің 419-ракеткасы Попко жарыс барысында бес кездесуін де сәтті өткізді.

Доданың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған америкалық Эйден Киммен кездесті. Дмитрий Попко 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале