26.11.2020, 9:55
Оқылды: 35

Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Дмитрий Попко Сан-Паулу (Бразилия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

тен

Әлемнің 172-інші, осы турнирдің 5-ракеткасы Д.Попко алғашқы айналымда рейтингте 360-орында тұрған испаниялық Карлос Гомес-Эррерамен шеберлік байқасты.

Тартысты өтіп, екі сағатқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:3, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті. Д.Попко екінші айналымда эквадорлық Роберто Куироспен кездесті. Қазақстандық спортшы рейтингте 295-орында тұрған қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен оңай ұтты.

Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 306-ракеткасы, бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен таласады. Корт иесі екінші айналымда әлемнің 156-ыншы, доданың 3-ракеткасы, мысырлық Мохамед Сафватты 6:3, 7:6 (9:7) есебімен ұтып кетті. Сан-Паулу жарысы 29 қарашада мәреге жетеді.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале