Жуырда өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің әлеуметтік кәсіпкерлік комитеті полиция департаментінің бастамасымен Қазақстан халқы ассамблеясының алаңында «Зорлық-зомбылыққа – жол жоқ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Онда әйелдерге қатысты, оның ішінде отбасы һәм тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар мен түрлі қылмыстардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы, полиция майоры Диляра Сатарова жан-жақты баяндап берді.
Өз кезегінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ директоры Талшынай Орынбекқызы сөз алып, көмек алу үшін орталықта тұрақты тұрудың қажеті жоқ екендігін жан-жақты түсіндірді. Мамандар жиналғандарға телефон арқылы да (28-56-00, 87479189445, 87028359939) кең мағлұмат береді.
Бауыржан Махутұлы,
zhaikpress.kz