30.03.2025, 16:30
Оқылды: 345

Допты хоккей: «Ақжайық» маусымды жеңіспен қорытындылады

Ресейдің Кемерово қаласында допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалдық турнирінде Оралдың «Ақжайығы» соңғы кездесуін өткізді.

1

Фото: «Ақжайық» ХК

Батысқазақстандық команда 9-орын үшін бәсекеде «Зорький» (Красногорск) клубымен сынға түсті.

Тартысты өткен ойында алдымен «Зорькийден» Андрей Замятин есеп ашты. Дегенмен бірінші таймда Максим Пахомов 2, «Ақжайықтың» капитаны Максим Өтебалиев 1 гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Екінші кезеңде оралдықтардан Александр Лапшин, Ершат Амангелдиев мергендік танытты. Ресейлік клубтан Семен Заваринский 1, Олег Хасянов 2 голдың авторы атанды. Қорытынды есеп — 5:4, «Ақжайықтың» пайдасында.

Осылайша, Николай Шавалдиннің шәкірттері финалдық кезеңде 9-орынға тұрақтады.

Бұған дейін «Ақжайық» көптен бері финалдық турнирге қатыспаған еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале