27.10.2017, 22:28
Оқылды: 57

Дос Көшім, саясаттанушы: Үш тілде оқыту жобасын 10 жылға шегеру қажет деп ойлаймын

received_756297124568374Бұл туралы белгілі саясаттанушы «Жайық Пресс» медиахолдингінде өткен кездесуде айтты. Шараға сонымен қатар Журналистер одағының мүшесі Абдрашит Абдраимов қатысты.

- Үш тілде оқыту бойынша көптеген түйткілдер бар. Қолдап отырған адам аз. Осыған дейін алты облысты аралап келе жатырмыз. Оң пікір көп емес. Ертең үштілділіктің соңынан латын әліпбиін кіргізсек, балаларға қиын болады. Менің бұл орайда ұсынысым бар. Егер Үкімет үштілділікті 10 жылға шегерсе, көп нәрседе ұтар едік. Біріншіден, латын әліпбиін толыққанды енгізу, оны меңгерту шараларын жүзеге асыру оңай болады. Екіншіден, 10 жылдың ішінде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді даярлауға уақытымыз болады. Қазір Алматыда математика пәнін ағылшын тілінде оқытатын 12 мұғалім бар. Есептей беріңіз. Біз шала ағылшын тілінде сабақ берумен еш нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Осыны Үкімет қайта қараса екен.

Тағы бір айтатыным - Қытай қазақтары біздің терминді түсінбейді. Мысалы, мен Конфуций десем, олар түсінбеуі мүмкін. Себебі оларда бұл сөз басқаша, яғни, қазақтың төл дыбыстары арқылы шығады. Ал мен орыс тіліндегі кириллицамен оқимын. Сөзжасам, сөздік қорды байыту басқа тілдерден сөз алу арқылы келеді. Яғни өзге бір тілден еніп, қазақи заңдылыққа түсті. Мәселен, самоварды – самаурын дедік. Ал 1939 жылы кириллицаға көшкеннен соң, бұл үрдіс тоқтады. Өйткені, кірме сөздер сол в, ч, ф әріптерімен қалды, - деді Д.Көшім.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале