27.10.2017, 23:53
Оқылды: 66

Дос Көшім, саясаттанушы: Жаңа əліпби толықтыруды қажет етеді

20171028_004943Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінде белгілі саясаттанушы Досмаханбет Көшім, журналист Абдрашит Абдраимов журналистермен кездесті. Шарада мемлекеттік тіл, ономастика мәселелері, латын графикасы туралы ой қозғалды.
- 1939 жылы артикуляциямыз мүлде сай келмейтін, өмірі көрмеген таңбасы бар кириллицаны қабылдадық. Латынды меңгере алмаймыз деген шындыққа жанаспайды. Әрине, қорқыныш бар. Қазіргі әліпбиді дәл сол күйі қабылдаса кемшіліктері бар. Мәселен, х–Һ дыбыстарын біріктірсе қате болмас еді. Сонымен қатар ч-в дыбыстарын әліпбиге енгізіп қажет емес деп ойлаймын. Бұл жөнінде Тіл институты мамандарымен сөйлестім. Олар дыбыстың жиілігін алға тартады. Бірақ бірнеше мың сөзге бола қазақ тіліне кірме дыбыстарды кіргізбеуіміз қажет.

Саясаттанушы орыс мектебінде оқитын оқушылар ұлтына қарамастан кириллицамен жазады деген пікірге қатысты да ойын білдірді.
- Біріншіден, мемлекеттік әліпби деген термин жоқтығын айтқым келеді. Халық, ұлт бар. Біз Абайдың кезінде халық, Ахмет Байтұрсынұлы әліпби жасаған кезеңнен ұлт болдық. Одан кейінгі даму кезеңі мемлекет деп аталады. Одан артық кезең жоқ. Яғни, әліпби ұлтқа қатысты. Қазақ ұлты ғана әліпбиін өзгертіп отыр. Біз орыс сөзін латынмен жаза алмаймыз. Себебі халықаралық норма бойынша әліпбиді өзгерту сол тілдің иесі болып саналатын мемлекеттің құзырында. Оған Қазақстан араласа алмайды. Алайда орыстілді ағайынға да латын әліпбиін меңгеруге тура келеді. Өйткені көшедегі жазу барлығы мемлекеттік тілде жазылады, яғни латын графикасымен. Ата-ана латын әліпбиін қиынсынып, баласын орыс мектебіне апаруы мүмкін деген пікірлер көп. Менің бір айтатыным – бұл таңдау кезеңі. Егер баласының өмірін Қазақстанмен байланыстырса, үйреніп алады. Әрине, ол үшін тілдік қажеттілік жасау қажет. Қазір 30 мыңға жуық өзге ұлт өкілі баласын қазақ мектебіне берген екен.

Сонымен қатар, кейбір азаматтар пернатақтада біздің латын нұсқасының жоқтығын айтады. Технологияның дамығаны соншалық, қазір бір түймені бассаңыз, қытайдың мың иерогливі шығуы мүмкін. Сондықтан бұл үлкен мәселе емес.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале