11.04.2023, 10:15
Оқылды: 47

«Достық» ұсынған дәм

Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының қолдауымен Орал қаласының  тұрғындарына  су мен құрма таратылды. Рамазан айындағы бұл игі істі облыстық ассамблея жанынан құрылған  «Достық» қазақ-вайнах жастар клубы, облыстық полиция департаменті және «Орал жастары»,  «Ақжайық  жастары», «Жастар  рухы»  қоғамдық бірлестіктерінің  мүшелері  ұйымдастырды. 

машина56

-Рамазан – мұсылмандар асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алла сансыз сауап беретін, айлардың сұлтаны аталатын қасиетті ай.

Ораза ұстағандарға құрма мен су таратуды «Достық» қазақ-вайнах жастар клубы төрағасының орынбасары Талғат Чудобаев ұсынған. Бұл бастаманы Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы қолдады. Облыстық полиция департаменті еріктілерді көлікпен қамтамасыз етті.

Бұл іс-шара былтырдан бері жүзеге асып келеді. Басты мақсатымыз – қасиетті айда қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Жалпы, Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі ұлтаралық татулықты, береке-бірлікті арттыруға септігін тигізіп келеді. Бұл бастама жалғасын табатын болады, – деді  БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Инесса Тоболева.

Айта кетсек, оразашыға арналған бокстар (жиынтық) Орал қаласының Ел ырысы, Алтын алма, Депо көпірі аудандарында, Н. Назарбаев даңғылы бойындағы шіркеу маңында  және Зашаған кенті аумағында үлестірілді. Жалпы 2000 дана құрма пакеті мен су  бөтелкесі  таратылды.

Гүлсезім  Ерболатқызы,

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале