Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартып, қолма-қол ақшасыз төлемдерге өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Фото: iStock
— Дубайдағы мемлекеттік және жеке секторлардағы барлық төлемнің 90%-ы 2026 жылдың соңына қарай қолма-қол ақшасыз болады, — деп хабарлады Дубай үкіметінің баспасөз қызметі.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу стратегиясы алғаш рет 2024 жылы жарияланды.
Ол банкноттар мен монеталарды алып тастауға және Дубайды қолма-қол ақшасыз қалаға айналдырудың ауқымды мақсатын жүзеге асыруға бағытталған.
Бұл мақсатты жүзеге асыру құралдарына банк және басқа да қосымшалар, карталар және болашақта — цифрлық төлем саласында ЖИ негізіндегі инновациялар кіреді. Әмірлік билігі Дубайдың қаржылық инновациялардың жаһандық орталығы және цифрлық экономикадағы жаһандық көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуды жоспарлап отыр.