16.09.2025, 16:15
Оқылды: 130

  Дүбірлі думан  жалғасуда

 

Оралдағы Тұңғыш Президент алаңында қала күніне арналған «ORAL JASTARY» фестивалі өтті.

DSC06178 (1)

Аталмыш фестивальді «Интеграл» қоғамдық бірлестігі мен Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды. Сондай-ақ салтанатты кештің өтуіне қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау көрсеткен. Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытып, қоғамдық өмірге бейімдеу. Фестивальге шаһардағы төрт жоғары, 20 арнаулы оқу орнының студенттері қатысып, олар жеті аталым бойынша сынға түсті. Алаңда әр оқу орындарының жетістіктері мен оқытылатын мамандықтары бойынша көрме жасақталған. Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов аталмыш көрмеге барып, студенттердің жетістіктерімен танысып, ондағы білім алушылармен тілдесті. «Мамандығым – мақтанышым!», «Мобилографтар сайысы», «Ашық микрофон» сайысында жастар өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар «Тігіншілер сайысы» және «Кондитерлер сайысы» аталымдарында қатысушылар туындыларын көпшілікке ұсынды.

DSC06087 (1)

Сайыс аяқталған соң фестиваль мерекелік думанға ұласты. Шаһар басшысы тұрғындарды қала күнімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Одан кейін елге және өңірге белгілі жұлдыздар ән шырқап, мерекенің көркін қыздырды.

 

Нұрым Ғұмар,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале