Болгария астанасы Софияда бокстан "Странджа" кубогі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Дәстүрлі турнирде қазақстандық боксшылар үш медаль жеңіп алды. 67 келідегі Дулат Бекбауов финалда үндістандық Раджатты жеңіп, чемпион атанды.
51 келідегі Санжар Тәшкенбай тағы бір үндістандық Амит Пангалдан ұтылып, күмісті қанағат тұтты.
Ал 80 келідегі Тұрсынбай Құлахмет турнирдің қола жүлдесін иеленіп отыр.