Алаштың белгілі азаматы Алпысбай Қалменов Орал облысның Темір уезінде 1869 жылы дүниеге келген.
Алғашында ауыл молдасынан хат танып, кейін Орынбор гимназиясында оқып орыс тілін жетік меңгереді. Алаш қайраткерлерінің ішінде қоғамдық-саяси жұмысқа ерте араласқандардың бірі.
1906 жылы ашылған Ресейдің Бірінші Мемлекеттік Думасына Бөкей ордасынан депутат болып сайланады. Думада «Еңбек тобы» фракциясында болады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен соң, сол жылдың 20-25 сәуір күндері Бөкей ордасы қазақтарының сиезіне қатысып жер мәселесі туралы баяндама жасайды.
Ол Оралда, Жымпитыда және Орынборда өткен қазақ сиездерінің барлығына қатысып сол сиездерде Алашорда көсемдерінің бастамасын қолдап Халел Досмұхамедовпен қоян-қолтық жұмыс істейді.
Алаш орда таратылған соң, кеңес үкіметінің қызметінде жұмыс жасайды, алайда, отызыншы жылдардағы қуғын-сүргінде «ұлтшыл», «алашшыл» деген айып тағылып, 1937 жылы атылады.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz