3.03.2022, 12:20
Оқылды: 17

Дүниежүзілік банк Ресейдегі бағдарламаларын тоқтатты

Дүниежүзілік банк украин халқына жасалған дұшпандық әрекеттерге байланысты Ресей мен Беларусьтегі барлық бағдарламаларын тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институты.

03

Мәлімет бойынша, банк 2014 жылдан бері Ресейге онсыз да ешқандай несие мен инвестицияны мақұлдамаған екен.

"Дүниежүзілік банк тобы 2014 жылдан бері Ресей тарапына ешқандай жаңа несие немесе инвестиция рәсімдеген жоқ. Сондай-ақ 2020 жылдың ортасынан бері Беларуське жаңа несиелер берілмеді. Ресейдің Украинаға басып кіруі және украин халқына жасалған әділетсіздік салдарынан Дүниежүзілік банк тобы Ресей мен Беларусьтегі барлық бағдарламаларын дереу тоқтатты", - деді РИА Новостиге қаржы институты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале