Telegram негізін қалаушы ресейлік кәсіпкер Павел Дуровтың тұтқындалуы компания қосымшасының жүктелу санын арттырды. Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.
Сурет: pixabay.com
Басылымның мәліметінше, Telegram АҚШ-тың үздік мобильді қосымшалары (ойындарды қоспағанда) рейтингінде 18-орыннан 8-орынға көтерілді. Бұл АҚШ-тағы кем дегенде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бергі ең жоғары рейтинг.
Сондай-ақ, Telegram АҚШ-та қолданылатын әлеуметтік желілер рейтингісінде 2-ші орынды иеленді.
Францияда Telegram «Әлеуметтік желілер» санатында App Store дүкенінде бірінші орынға шықты және барлық қолданба түрлерінің ішінде ең танымал үшінші қолданба болды.
Айта кетейік, Павел Дуров Францияда ұсталды.
Франция Президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Павел Дуровқа 12 түрлі айып тағылды.