Дәрігер Шилпи Кхетарпал дымқыл шашпен төсекке жатпауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: istockphoto.com
"Дымқыл шаш сынғыш болады. Адам ұйықтап жатқанда жастық қаптың дымқыл шашқа үйкелісі оның жылтырлығына, көлеміне және құрылымына әсер етеді", - деп түсіндірді Шилпи Кхетарпал.
Маманның сөзінше, дымқыл шашты байлау немесе өру мәселені одан әрі ушықтырады. Өйткені мұндай жағдайда шаштың өзі де, бас терісі де зақымдалады. Дәрігер шашты сәндеуге арналған құралдарды пайдалану шашты одан әрі әлсірететінін жеткізді.