Дзюдодан Қазақстан командасы жаңа маусымдағы алғашқы жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: Olympic.kz
Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, спортшылар Шымкент қаласы маңындағы "Алма тау" базасына жиналған.
"Жаңа жылдың алғашқы жаттығу жиыны 4-20 қаңтар аралығында өтеді. Бұл Португалиядағы Гран-при турнирі мен Франциядағы Гранд-слэм турнирі қарсаңындағы бірінші жиынымыз.
Спортшылар түгелдей жиналды. Елдос Сметов қана бапкерімен бөлек жаттығуда. Командада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Балуандардың барлығы да сапта", - деді бас бапкер Сүлейменов.
Айта кетелік, дзюдодан биылғы маусымның алғашқы бәсекесі 26-28 қаңтар аралығында Португалияда өтеді.