6.12.2021, 16:20
Оқылды: 157

Дзюдошы Карина Тәкиева жастар арасында Азия чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Карина Тәкиева Ливан астанасы Бейрутта дзюдодан мәреге жеткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, Карина аса ауыр салмақта (+78 кг) топ жарды.

Карина Русланқызы 2003 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Дзюдо әліппесін жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы Азамат Қапсатовтан үйренді.

Қазіргі кезде Алматыдағы республикалық спорт колледжінің 2 курс студенті. Бапкері – Жайдар Сайлаубаев.

2021 жыл Карина үшін табысты жыл болды. ҚР V жастар спорт ойындары мен 23 жасқа дейінгілер арасында ел біріншілігінде күміс жүлдемен марапатталса, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік үштікке ілікті.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, жарыстың соңғы күні сондай-ақ Максим Мейірлан 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

26

Осылайша Қазақстан жастар ұлдар құрамасы (аға жаттықтырушылары Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев) Азия чемпионатын 2 алтын, 1 қола, қыздар (аға бапкерлер Хатип Арсен, Нұрбек Мықтыбеков) 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен аяқтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале