21.03.2026, 15:30
Оқылды: 7

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

IMG_0346

Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, "юко" ұпайына ие болды. Нәтижесінде алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 2024 жылы Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде де жеңіске жеткен еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Дереккөз: Olympic.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале