15.03.2021, 23:31
Оқылды: 54

«Е-Salyq-Azamat» қолжетімді

Мемлекеттік кірістер департаментінде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері жыл сайын қарқынды дамып келеді.

 «Е-Salyq-Azamat» қолжетімді

Мысалы, өткен жылы көрсетілген қызмет түрінің 704 мыңы немесе 98,7%-ы электрондық түрде көрсетілді. Сонымен бірге 99,5% салықтық және 100% кедендік декларация қашықтан тапсырылды.

– 2020 жылдан бастап кейбір қызмет түрлері комитеттің порталы немесе «E-Salyq – Azamat» мобильдік қосымшасы арқылы қолжетімді болып отыр. «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасын кез келген тұлға пайдалана алады. Бұл жерден салық төлеушілер қанша қарызы бары туралы мәліметті ЖСН жазу арқылы біле алады. Ал артық төлемі болған жағдайда сол ақшаны оп-оңай қайтарып алуға болады. Мүлік, жер және көлік құралдары бойынша мәліметтерді көруге, егер дұрыс емес ақпараттар болған жағдайда бірден түзетуге мүм-кіндігі бар, - деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайдаров.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыста «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасын пайдаланушылар саны 20 мыңға жетті.

 

Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале