30.10.2020, 9:44
Оқылды: 34

Е.Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының коронавирустың ықтимал толқынына дайындығымен танысты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

IMG-20201030-WA0002

Вице-премьер эпидемиологиялық ахуал және коронавирустың ықтимал толқынына дайындық бойынша кеңестер өткізіп, облыс басшылығының атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдады.

Сондай-ақ Вице-премьер Орал қаласындағы жоспарлы емдеуге жатқызу бойынша көпбейінді аурухананың жұмысын тексерді. Медицина қызметкерлерімен кездесуде Е.Тоғжанов облыстық жедел жәрдем станциясына 20 автокөлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.

IMG-20201030-WA0001

Сапардың келесі пункті ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған облыстық 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыс барысымен танысу болды.

Сондай-ақ, делегация дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 7 мыңнан астам атауының дистрибьюторы – «Талап» АҚ дәріханасына барды. Е.Тоғжанов халықты және денсаулық сақтау нысандарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

IMG-20201030-WA0000

Жұмыс сапарының жалғасы ретінде Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуын болдырмауға бағытталған санитарлық шараларды тексеру мақсатында «Сырым» бақылау-өткізу бекетінің жұмысын тексерді.

Сапар соңында өңір басшысы вице-премьерге 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы баяндады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале