15.01.2021, 11:19
Оқылды: 54

ЭЦҚ мерзімін қалай ұзартуға болады?

ЭЦҚ мерзімін ұзарту үшін ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. Ақпаратты тексеру үшін ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп, жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.

ЭцҚ

Одан әрі:

– қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;

– кілттер тізімін жаңарту батырмасын басыңыз.

ЭЦҚ құпия сөзін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;

– ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз;

– ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз;

– негізгі жолдарды толтырыңыз, өтінім беру батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

–  ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпия сөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін сертификаттарды жүктеу батырмасын басыңыз.

Есіңізде болсын!

– Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз, SMS-хабарлама келмейді;

– құпия сөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс;

–  құпия сөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек;

– электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңіз, ол адам сіздің дүние-мүлкіңізге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады.

 

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ

БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале