Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Едіге Емберді Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні бағындырды.
Екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.
Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 81 келі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.