- Шетелден қайтарылған ақшаны тозығы жеткен нысандарды жөндеуге жұмсау керек. Қазақстанның энергетикалық нысандарының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Оны Президент те айтты. Әбден тозығы жеткен орталықтарды жөндеуге қыруар қаражат қажет.
Осы ретте шетелден қайтарылған қаржы есебінен энергетикалық нысандарды жөндеуді және салуды ұсынып отырмыз, - деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ұлттық арнаға берген сұхбатында.