4.01.2024, 10:15
Оқылды: 45

ЭЕБ-да жұмыс ұсыныстары мен түйіндемелер үшін жасанды интеллект моделі іске қосылды

"Электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін бос орындар мен түйіндемелер бойынша ұсынымдарды таңдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект моделі іске қосылды. Енгізілген жасанды интеллект моделі Еңбекминінің ақпараттық жүйелерінің деректерінде оқытылған", - деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

28d34be2272e40cf0b22317b48f85654_1280x720

 

Осы ұсыныс жүйесін әзірлеу кезінде LinkedIn Recruiter іздеу және ұсыныстар жүйесіне ұқсас озық архитектура қолданылды.

ЖИ функционалының негізі – бұл түйіндеме мен бос жұмыс орындарының мазмұнын тиімді талдауға мүмкіндік беретін табиғи тілді өңдеу модельдері. Аталған механизм жұмыс берушілерге жұмысқа қабылдау және кадрлық резервті қалыптастыру үшін қолайлы кандидаттарды жылдам және дәл іздеуді, ал жұмыс іздеушілерге мансапты жалғастыру үшін қолайлы бос жұмыс орындары мен перспективаларды тезірек іздеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

ЖИ моделі түйіндеменің мазмұнын талдауға мүмкіндік береді, оның негізінде күтілетін жалақы деңгейі, тұрғылықты жері, көшу мүмкіндіктері, дағдылар және т.б. сияқты әртүрлі параметрлерді ескере отырып, ең қолайлы жұмыс нұсқалары мен өз мансабын жалғастыру ұсынылады. Бұл жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де дәлірек және жекелендірілген ұсыныстар береді.

Болашақта заманауи машиналық оқыту алгоритмдерін қолдануды қоса алғанда, жүйені үнемі жетілдіру, өтініш берушілерге олардың дағдыларын жақсарту үшін қосымша білім беру және курстар бойынша ұсыныстар беру жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале