Әр сейсенбі сайын Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңы ұйымдастырған баспасөз мәслихатына аудан әкімдері қатысып, әр өңірдің Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндауда. Бүгінгі брифинг Сырым ауданына арналды.
- Облысымыздың өзге аудандары сынды Сырым ауданы да егемендік жылдарында қарқынды даму үрдісін қалыптастырды. Оның дәлелі жаңадан бой көтерген ғимараттар, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы атқарылған істер болмақ. Қай салада да ауыз толтырып айтарлықтай істеріміз баршылық. 1920 жылы Жымпиты уезі болып іргесі қаланған аудан атауы 1992 жылы Сырым Датұлының 250 жылдығына орай ресми түрде Сырым ауданы болып өзгертілді. Құрамында 12 ауылдық округ, яғни 38 елді мекені бар ауданда 18 мыңнан астам тұрғын ынтымақта, береке-бірлікте өмір сүруде,-деді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.
Брифинг барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, баспанамен қамту, жол салу секілді маңызды салаларда атқарылған істерге және алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті.
Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz