Басқа біреудің кредиті сіздің атыңызға ресімделсе: бұл туралы сіздің кредиттік тарихыңызда көрсетіледі. Кредиттік бюро немесе egov.kz-тен жеке есеп беруді сұраңыз.
Жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды жоғалтып алған ба едіңіз, есіңізге түсіріп көріңіз, әлде Интернеттегі күмәнді сілтемелерді пайдаландыңыз ба? Жеке деректерді қолына түсірген алаяқтар басқа біреудің төлқұжаты арқылы кредит ресімдей алады.
Кредитордан ішкі қызметтік тексеру жүргізуді талап етіңіз. Құқық қорғау органдарына және қаржылық реттеушіге міндетті түрде өтінішпен жүгініңіз!