20.02.2026, 21:00
Оқылды: 52

eGov порталы арқылы әлеуметтік көмекке өтініш беру мәселелері бойынша түсіндірме

Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмендегіні хабарлайды.

_gluster_2026_2_20_d63e0b543c2d26058dc63459600a36a5_1280x720

Әлеуметтік көмек – мемлекеттің атаулы қолдау шарасы болып табылады және белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келетін, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ғана көрсетіледі.

Көмек тағайындау қолданыстағы заңнамада және мәслихаттардың шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша жүзеге асырылады, белгіленген талаптарға сәйкестігі құжат жүзінде расталған жағдайда ғана мүмкін болады.

eGov порталы арқылы өтініш беру – әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді.

Көмек алушы санаттардың тізбесі, көмекті көрсету шарттары және қажетті құжаттар тізімі әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке-жеке бекітіледі және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

Барлық түскен өтініштер жергілікті атқарушы органдарда белгіленген тәртіппен қаралады.

Азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз.

Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале