Egov.kz порталында Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға арналған жаңа қызмет пайда болды. Семей сынақ полигонының аумағында 1949-1965 жылдар аралығында, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар egov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады.
Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері елде 311 азамат онлайн режімде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді.
ХҚКО-лар арқылы құжат рәсімдеуге болады. Тек 2021 жылдың өзінде 7 000-ға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, қызмет түрі онлайн сипатқа көшірілді.
Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағына өтіп, қажет қызметті таңдау қерек. Әрі қарай пайдаланушы:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және пайдаланушының «Жеке кабинетінде» хабарлама ретінде сақталады. Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жеке куәлікті/жеке куәліктің төлнұсқасын алуы қажет. Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы өңірлер, республикалық маңызы бар қалалар және мемлекет астанасы бойынша өтемақы төлеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның
қоғаммен байланыс басқармасы