21.06.2024, 11:31
Оқылды: 376

Екі баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Түркістанда екі баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 жастағы келіншекті ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейді. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Түрме ЖП2

Ол ауыр қылмысты күйеуіне ренжігені үшін жасағанын айтқан.

Күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін Түркістан қаласына барып, жалдамалы пәтерде 3 және 4 жастағы ұлы мен қызын тұншықтырып өлтірген.

Айта кетейік, айыпталушы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныбының мұғалімі болып істеген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале