«Еуразиялық өзенаралық: өндіріс, ғылым және білім беру интеграциясы» атты VII Халықаралық интеграциялық форумы өз жұмысын бастады.
Пленарлық отырыстың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов, ҚР ІІМ еңбек сіңірген ардагері, профессор, доғарыстағы әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров, Ресей Федерациясының жергілікті өзін-өзі басқару және әлеуметтік технологиялар академиясының президенті Владимир Патрушев, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Әйтімов, ресейлік және жергілікті ғалымдар қатысты.
Айта кетейік, осыдан жеті жыл бұрын «ҚазИИТУ» кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик Ақсерік Әйтімов бастаған ғалымдар тобы «Еуразиялық өзен аралығы» атты халықаралық қоғамдық қозғалыстың өмірге келуіне мұрындық болған еді. Содан бері «ҚазИИТУ» кешенінде ғарыштық технологиялар мен автоматтандыру және радиоэлектроника мен салааралық технологиялар бағыты бойынша ғылыми конференциялар мен конгрестер ұйымдастыру ісі дәстүрге айналды.
-Білім және ғылым саласындағы инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу барысы да осы форумда талқыланбақ. Сондай-ақ Зымыран тарихының 70 жылдығы аясында зерттеуші ғалымдардың баяндамаларында айтылатын деректер әлемдік бейбітшілікті қамтамасыз етудегі біздің облыстың қосқан үлесі зор екендігін көрсетеді. Аталмыш форум тақырыбына сай жүзден астам баяндама келіп түсті. Екі күнге жоспарланған шара барысында 5 бағыттағы секциялық жұмыстар жүргізілетін болады,-деді аталмыш ғылыми-білім кешені ректорының міндетін атқарушы Әліби Баяхов.
Нұрбек ОРАЗАЕВ
zhaikpress.kz