
Сурет: Olympic.kz
57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов малайзиялық Зульхайлан Мохамадпен қолғап түйістіріп, сенімді түрде жеңіске жетті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен өзбекстандық Дильшод Абдумуродовты төрешілердің шешімі бойынша жеңді.
Айта кетейік, 67 келіге дейінгі салмақта Дулат Бекбауов та ширек финалға өткен еді.