28.11.2023, 13:00
Оқылды: 666

Екінші мемлекеттік Думаның депутаттарын білеміз бе?

Ресейдің Екінші Мемлекеттік Думасы 1907 жылдың 20 ақпаны мен 3 маусымы аралығында жұмыс жасайды. Ол Ресейдегі конститутциялық-монархиялық биліктегі заң шығаратын жоғарғы өкілетті орган саналған.

жп дала

Осы ІІ Думаға сайлау 1905 жылдың 11 желтоқсанындағы сайлау заңы бойынша жүргізіліп, қазақ халқынан депутаттыққа Орал облысынан Б. Қаратаев, Ақмола облысынан, Ш. Қосшығұлұлы, Торғай облысынан А. Бірімжанов, Семей облысынан Т. Нүркенов, Жетісу облысынан М. Тынышпаев, Сырдария облысынан Т. Алдабергенов, Астрахань губернаторлығынан Б. Құлманов сайланады.

Жоғарыдағы қазақ облыстарынан сайланған депутаттар Думадағы «Мұсылмандар» фракциясы, «Конституциялық-монархиялық» фракция және «Кадеттер» фракциясы құрамында жұмысын бастайды.

Олар Дума мәжілістерінде және фракция отырыстарында шет аймақ ұлттарының ауыр тұрмысын, биліктің отарлау саясатын әшкерелеп, өз белсенділігін парламенттік жолмен күресуде пікірлерін ашық білдіріп отырады.

Мәселен, «Мұсылмандар» фракциясы құрамындағы Ш. Қосшығұлұлы, Т. Нүркенов, Т. Алдабергенов, А. Бірімжанов, Б. Құлманов, «Конституциялық-монархиялық» фракция құрамындағы М. Тынышпаев және «Кадеттер» фракциясының мүшесі Б. Қаратаевтар қазақ халқының ауыр тұрмысы мен қазақтар үшін жер мәселесінің аса шиеленісті екеніне назар аудартады.

Алайда қазақ депутаттарының Дума қабырғасында айтылған ұсыныстары ескерілмей, саяси дағдарысты парламенттік жолмен шеше алмаған патша үкіметі ІІ Дума сайлауын таратып тынады.

Осылайша Ресейдің ең жоғарғы заң шығаратын органы мемлекеттік ІІ Дума бар болғаны үш ай жұмыс жасаған.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале