Бұл Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін пайда болған әскери күш. Ол негізінен большевиктерге қарсы соғыс жүргізу мақсатында құрылды.

Оның ұйымдастырушысы және басшысы Сібір казактарының атаманы полковник П. Иванов болды.
Бұл корпус патша тұсында Дала генерал-губернаторлығы территориясында әрекет етті. Корпустың бөлімшелері Омбыда, Семейде, Петропавлда, Павлодарда және Өскеменде орналасты.
Корпустың құрамында Семейде құрылған Бірінші Алаш атты полкі болды. Оның командирі болып Ғ. Тоқтамысов тағайындалды.
Алаш полкі Екінші Сібір корпусы құрылымдары ішінде саны жағынан болсын, даярлығы жағынан болсын ең күшті құрылымдардың бірі болды.
1918 жылдың 12 тамызындағы Сібір армиясы қолбасшысының бұйрығымен Бірінші Алаш полкі осы Екінші Сібір корпусы құрамына кіргізілді.
Азамат соғысы жылдарында Екінші Сібір корпусы әскерлері Шығыс Қазақстанда және Жетісу өңірлерінде большевиктерге қарсы ұрыс қимылдарын жүргізді.
Зулхожа
Шарафутдинов,
zhaikpress.kz