Қоршаған ортаның мәселесі бүкіл әлемде қоғамның назарында. Экологиялық тұрақсыздықтың ең басты детерминанты - адам және оның күнделікті жасайтын іс-әрекеті. Жастардың экологиялық іс- әрекетінің дамуы үшін: бағыт көрсету және мүмкіндік беру қажет. Ол мүмкіндікті экологиялық білім мен тәрбиелеуге баулу арқылы беру керек.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілікке қатынасты қамтамасыз ету, себебі күнделікті өмірде экологиялық сауатсыздықтың көріністерін байқауға болады. Осы жоғарыда айтылған мәселеге байланысты Мәскеу халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының профессоры, жоғары санатты мұғалім, эколог Мақсот Кубайсұлы Мурзагалиевпен, Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының экологиялық туризм бөлімінің жетекшісі, эколог Гатауов Ниязбек Хамидоллаұлымен, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Құрымбаев Айболат Шамұратұлымен кездесу өтті. Өзімізге өте мазмұнды, танымдық бағытта ақыл-кеңес пен ақпарат алдық.
М.Шналиева
«АТИСО» БҚО академиялық колледжінің оқытушысы