Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұтыну нарығын қорғау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсуіне әкелуі мүмкін фактілердің алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне белгіленетін шекті сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15 пайыздан аспауға тиіс.
Сауда үстемесін белгіленген мөлшерден асырып жібергені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
2025 жылы Департаменттің мәліметтері негізінде сауда үстемесін асыра белгілегені үшін 9 көтерме жабдықтаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, картопты сату кезінде бағаның 725,5%, пияз бойынша 381,5%, қарақұмық жармасы бойынша 225,8%, тауықтың сан еті («окорочок») бойынша 92,6%, ал тауық жұмыртқасы бойынша 54%-ға дейін негізсіз қымбаттатылғаны анықталды.
Сондай-ақ мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын мемлекеттік мекемелерге жеткізу кезінде де сауда үстемесінің арттырылғаны анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу аясында жасалған 6 келісімшарт бұзылды.
Жылдың басынан Департамент бөлімшелері бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерін жеткізу және олардың баға қалыптастыру тетіктеріне мониторингті күшейтті.
Ағымдағы жылы конкурс жариялау кезеңінде облыстың 7 мекемесі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алу барысында шамамен 9,8 млн теңге үнемдеді. Қазіргі уақытта тағы 1 дерект қаралуда.
Департамент жұмысының негізгі міндеттерінің бірі — азаматтардың мүдделерін қорғау және азық-түлік нарығындағы экономикалық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету.
БҚО бойынша ЭТТД