30.04.2025, 13:00
Оқылды: 161

Екпеден бас тартатындар саны артып отыр

Бұл туралы Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы басшысының орынбасары Мира Калымбаева айтты.

You might feel a slight sting

-Мен барша ата-аналарды балаларына екпе салдыруға шақырамын. Екпе ол дәрігердің бақылауымен салынатын дүние. Одан қорқудың қажеті жоқ. Қазір екпенің пайдасы туралы барлық жерде ашық жазылып жүр. Қажет еткен адам ақпаратты алып оқып, түсініп алса да болады. Екпе алмаудың салдары үлкен. Былтыр қызылша ауруы  жүргенін білесіздер. Сол кезде қызылшамен ауырған 900-ден астам баланың 800-і екпе алмаған балалар болып тіркелді,- деп атап өтті Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы басшысының орынбасары Мира Калымбаева

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале