Бүгін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың партияның кезектен тыс XXII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының бастамасымен «Табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арттыру» тақырыбында 14 облыстың ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдары Атқарушы хатшыларын оқытудың ашылуы өтті.
Биылғы жылдың 11-20 шілдесі аралығында Академия Алматы, Жетісу, Атырау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында барлығы 1817 адамды оқытпақ.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 143 ауыл әкімдерін және 13 партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқыту жоспарлануда.
Көшпелі үш күндік семинарлар «Табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арттыру» және пайдаланылмайтын жер учаскілерін мемлекет меншігіне қайтару тақырыбында өткізілетін болады.
Бүгінгі ашылуында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев семинардың қатысушыларына сәттілік тілеп, практика жүзінде іске асырып, ауылдық округтегі тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бар күш-жігерлерін жұмсап, еліміздің дамуына елеулі үлес қосуға шақырды.
Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренеді. Сондай-ақ ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқыту ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуге, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Осы бағдарламаның басымдықтарының бірі мыналар болып табылады: ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру; туризмде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік табыстың өсуін ынталандыру.
Курс бағдарламасы халық пен кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктерін ескереді, халықтың табыс деңгейін арттыру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды тікелей орындаушылар және «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдарының төрағалары ретінде ауылдық аумақтардың әкімдеріне ұсынылады.
Оқу процесінде дағдыларды практикалық жағынан дамытуға баса назар аударылады. Сондықтан семинар барысында қатысушылар алған білімдерін іс жүзінде өзекті кейстер (азық дайындау, ІҚМ сүтін, ІҚМ және ҰММ етін дамыту, ЖҚШ үшін ірімшік қайнату, ТБС, сұлулық салоны, тігін шеберханасы және т.б.) мысалында пысықтайды. Жұмыс дәптерінде әр жобамен нақты жұмыс істейтін болады. Кейіннен курс тыңдаушылары бұл материалды басқа жобалар үшін үлгі ретінде пайдалана алады.
Семинардың нәтижелері бойынша қатысушы ауыл бизнесіне өз бетінше скрининг ұйымдастырып, жүргізе алатын болады, зерттеу қорытындылары бойынша мамандануды және экономикалық тиімді бизнес-жобаларды анықтай алып, оларды маркетинг және қаржылық модельдеу құралдарын пайдалана отырып, алынған білім негізінде («дұрыс») іске асыра алатын болады. Бизнес-жоспарларды дайындауды үйренеді, жобаларды қаржыландырудың ықтимал көздері, сертификаттау мен стандарттау бойынша толық ақпарат алады. Кооперативтерді ұйымдастыру және өткізу тізбегін құру жүйесін білетін болады. Әр саланың технологиялық карталары бойынша ұсыныстарды сақтау арқылы тиімді өндіріс процестерін түсінеді.
Жыл соңына дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы еліміздің барлық облыстарындағы ауыл әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқытуды жоспарлап отыр, бұл 2500-ден астам адамды құрайды.
«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі