14.09.2022, 16:00
Оқылды: 26

Ел өңірлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі

«Қазгидромет» РМК 14-16 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның солтүстік жартысы солтүстік-батыс суық антициклонының ықпалында қалады. Сондай-ақ республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады. Ал еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

15 қыркүйекке қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді.

15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале