22.08.2022, 12:30
Оқылды: 56

Ел үшін еңбек еткен тұлғамен кездесу өтуде

Дәл қазір «Жайық Пресс» медиахолдингінде КСРО кезінде-ақ халықаралық қатынастың маманы болған, елшілік еңбегі жолында Қазақстанның халықаралық аренада беделді орын алуына елеулі үлес қосқан Карл Сәрсеновпен кездесу өтуде.

20220821201349_IMG_5792

Кездесуге «Жайық Пресс» медиахолдингіннің бас директоры Табылғали Сапаров, журналист Есенжол Қыстаубаев, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, «Приуралье» газетінің бас редакторы Тоқтар Кенжеғалиев, өңір зиялылары мен ақындар, журналистер қатысуда.

Ол 1941 жылы 4 маусымда бұрынғы Орал облысы Орда ауылында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде енудің басында-ақ Карл Есімұлы Қытайда, АҚШ-та, одан кейін Үндістанда жұмыс істеді. Алғаш рет 1980 жылдардың ортасында Қытайдағы КСРО елшілігінің бірінші хатшысы болып жіберіледі.

Сол кезеңде әлемдегі беделді, абыройлы дипломат басшылармен, елшілік қызметінің көрнекті қайраткерлерімен тіл табысып, қоян-қолтық араласып құрметке ие болды.

- Ол кезде біздің арқа сүйер ешкіміміз болған жоқ. Тек білімімізге сендік. Жастарды білім мен кәсіби біліктілігіне қарап бағалады. Жасап жатқан жұмысының нәтижесіне де қатты көңіл бөлді, - деді Карл Есімұлы кездесуде.

zhaikpress.kz

суретке түсірген: Эльвира Меңдіғали

20220821201226_IMG_5781

20220821201516_IMG_5803

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале