30.09.2021, 18:19
Оқылды: 73

Ел халқының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасы әзірленді

Ел халқының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты.

A8E4AB4F-3CF4-4C67-B476-0D8DA8A3BAFA

«Тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында Үкімет «бір терезе» қағидаты бойынша әкімшісі ретінде «Отбасы» банкін белгілеумен толыққанды бағдарлама әзірлеуді жүргізуде. Ел халқының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған, мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру және мұқтаждар есебіне қоюдың бірыңғай қағидаларын бекітуді көздейтін тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы әзірленді», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар вице-премьер зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы» банкіндегі шоттарға аударуға мүмкіндік беретін нормативтік база қарастырылып жатқанын айтты.

«Оның ішінде азаматтарға кейіннен тұрғын үй сатып алу мақсатында жинақтау үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» шоттарға аударуға құқық беруді көздейтін нормативтік база қайта қайта қарастырылып жатыр», — деді Роман Скляр.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале